Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1679 0 пікір 30 Сәуір, 2024 сағат 19:41

«Samruk-Kazyna Trust» 2024 жылғы қызметінің 3 басты бағытын атады

Сурет: «Samruk-Kazyna Trust» қоры

Биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры инклюзияны дамыту, жүйелі жобалар мен серіктестікты нығайту бағыттарына басымдық береді. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева Қоғамдық кеңесінің отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, инклюзивті ортаны дамыту аясында оңалту орталықтарын ашу жалғасын тауып, инклюзивті спорт кешендерін салуға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға арналған жобаларды іске асыруға айрықша назар аударылады. Осыған дейін іске қосылған 37 оңалту орталығынан бөлек, алдағы уақытта аутизмі бар балаларға 7 және 5 ерте араласу орталығы, 5 өңірде 6 инклюзивті спорт кешендері ашылады.

Сурет: «Samruk-Kazyna Trust» қоры

«Әлеуметтік мәселелердің түйткілін тарқатуда, қоғамға әсер ететін жүйелі жобаларға басымдық беріледі. Сондықтан да біз бұған дейін семинар мен концерттерді қаржыландырудан бас тартып, халық үшін нағыз пайдалы болатын, өзекті мәселені шешетін жүйелі жобаларды қолға алудамыз. Халықтың бізден күтіп отырғаны да осы», – «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

Әлеуметтік саланы одан ары дамыту мен қайырымдылық жобаларымен көпшілікті қамту мақсатында Қор жыл басынан бері белді бизнес өкілдерімен серіктестікті нығайтуға кірісіп, ірі кәсіпорындармен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуда.

Сурет: «Samruk-Kazyna Trust» қоры

Қазіргі таңда «Шелл Қазақстан», «Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы», «Қазақмыс» кәсіпорнымен және «Қазақстан халқына» қорларымен инклюзия, спорт, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыру жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036