Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 18 Қараша, 2013 сағат 13:15

Білім басқармасы: Аймақтағы білім саласы дамуда

Жуырда БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева аймақтағы кәсіптік және техникалық білімнің дамуы туралы қысқаша баяндады.

 Облыс бойынша 24 техникалық жəне кəсіптік білім беретін оқу орны жұмыс істейді. Оның 14-і мемлекеттік болса, 10-ы мемлекеттік емес оқу орны. Елді мекендерде 4 колледж студенттерге білім береді, яғни Бейнеу ауданында екеу, Қарақия мен Маңғыстау аудандарында бір-бір колледжден жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда оқу орындарында 115 мамандық бойынша кадр əзірленеді. Осы жылдан бастап «Радио-электроника жəне байланыс» деген жаңа мамандық енгізілді.

Д.Жұмашеваның мəлімдеуінше, биылғы оқу жылында колледждерге 7888 адам қабылданды, оның 1959-ы сырттай бөлімге құжаттарын тапсырған. Талапкерлер саны өткен жылмен салыстырғанда 463-ке азайған. Сандардың төмендеуі Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің колледжі жəне «Білім туралы» заңына сəйкес Форт-Шевченко қаласындағы Политехникалық колледжімен, Мұнайлы ауданындағы М.Тынышпаев атындағы көлік жəне коммуникация академиясы филиалдары жабылуынан болып отыр.

Сондай-ақ облыстық білім басқармасының басшысы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы жөнінде өз пікірімен бөлісті: «Жыл сайын жұмыспен қамтылмаған түлектер туралы ақпарат қала, аудан əкімдіктеріне жіберіледі. Олардың барлығын тұратын жеріне байланысты жұмыспен қамту үшін шаралар қабылданады. Біздің басқарма осы тақырып бойынша жұмыссыз түлектердің арасында сауалнама жүргізген болатын. Нəтижесінде, жұмыссыз адамдардың басым бөлігі жұмыспен қамту қызметіне хабарласпай, өз бетінше басқа мамандық бойынша жұмыс іздеуге мəжбүр болады екен. Бұл жағдайларды ескере отырып, енді тиісті шаралар қолданатын боламыз»,-деді ол.

Бүгінде 4 колледжде ғана өз жатақханасы бар. Маңғыстау политехникалық колледжінде 250 орын, облыстық медициналық колледжде 60 орын, Қарақия кəсіптік колледжінде 200 орын жəне Мұнайлы ауданында орналасқан М.Тынышпаев атындағы көлік жəне коммуникация академиясының Ақтау көлік колледж жатақханасында 70 орын бар. Ақтау қаласы бойынша 1500 орын, Жаңаөзен қаласы бойынша 700 орын қажет. 11-қазанда Елбасы кеңейтілген мəжілісте кəсіптік-техникалық білім беру саласында қажетті мамандықтардың оқытылмайтынын, əрі материалдық-техникалық база жағдайының мүшкілдігін жəне жатақхананың жетіспеушілігін атап өткен болатын. Осыған орай Д.Жұмашева колледждерді жаңа заманауи технологиялармен жабдықтау, біліктілігі жоғары ұстаздар тарту мəселелері жоспарға қойылғанын атап өтті. 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407