TEO CUP XIII пікірсайыс туринирі мәреге жетті
Бүкіл әлемде пікірсайыс клубтары жастардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін шыңдауына, тиімді коммуникация құру дағдыларына және азаматтық белсенділігіне оң әсер етуші институт ретінде қызмет етіп келеді.
Тарих көрсеткендей бұл клубтар болашақ көшбасшыларды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында көптеген пікірсайыс клубтары қоғамда өшпес із қалдырып, тарихты қалыптастырған және оң өзгерістерге себепші болған лидерлерді тәрбиелеп шығарды. Гарвард университеті мен Йель университеті сияқты белді оқу орындары пікірсайыспен айналысқан атақты түлектерімен мақтанады. Франклин Рузвельт, Джон Кеннеди және Барак Обама сияқты президенттер дебат клубтарында өздерінің шешендік қабілеттерін шыңдап, бүтін ұлтты шабыттандыратын қабілеттерін өз мансаптарында тиімді пайдаланды.
Пікірсайыс қозғалысы аясында елімізде үздік чемпиондар ортасы болған “Таңдаулы Экономисттер Одағы” Жоғарғы ПікірСайыс Мектебі биыл құрылғанына 20 жылдығын атап өтті. Мерей той аясында ұлттық деңгейдегі ең ірі турнир өтті. 4-5 мамыр күндері еліміздің 9 облысынан 300 қатысушы мен 1500-ға жуық көрермен Нархоз университетінде өтетін республикалық маңызы бар жастар ұйымы “Таңдаулы Экономисттер Одағы” Жоғары Пікірсайыс Мектебінің ұйымдастастырылуымен өткен республикалық деңгейдегі TEO CUP XIII пікірсайыс туринирін тамашалау үшін жиналды.
Пікірсайыс – ортаны дамыту мақсатында құрылған дамытушы қоғамдық қозғалыс. Мұнда жиналған жастар бәсекелестікті талап ететін ХХІ ғасырда еркін ойды анық жеткізу, критикалық ойлау секілді қасиеттерді бойына дарытып, интелектуалды бағытта өсетін болады. Осы жастармен қоғамның негізі қаланады.
2004 жылы құрылған ТЭО ЖПМ ұйымы бүгінде жастарды дамыту мақсатында қоғамда өзіндік үлесін қосып келе жатқан ұйымдардың бірі. Қоғамды қалыптастырушы жастар платформасының болуына жағдай жасау үшін осы ортадан Қазақстанның түпкір-түкпірінен шыққан 300 – ге таман түлектері еліміздің экономикалық дамуы жолында еңбек етуде.
Болашақ бағдарламасымен 13 және басқа шетелдік гранттармен 5 ТЭО ЖПМ түлектері шетелде білім алған. Олар University of Toronto, Canada, University of Liverpool, Pensylvania State University, London School of Economics, New York University, Brunel Univeristy, University of Warwick, University of East Anglia, University of Leicester, University of Surrey, Alanya Alaaddin Keykubat University сынды әлемнің үздік университеттерінде оқып, қазіргі таңда түрлі салаларда жемісті еңбек етуде.
Турнирдің басты талаптарына қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер мен олардың тиімді шешу жолдары талқылау жатады. Екі күндік пікір сайыс турнирінде мектеп оқушылары мен студенттер мемлекеттік тілде әлемдік деңгейде кең қолданысқа ие БПФ (Британдық Парламенттік Формат), АПФ (Американдық Парламенттік Формат) және ЛД (Линкольн Дуглас) форматтарында өздерін сынап көрді.
Турнир нәтижесі бойынша студенттік лиганың альфа лигасында 200-ге жуық қатысушысының арасында үздік атанып АПФ және ЛД форматтары бойынша бірінші және екінші орынға ие болған Жазира Жөндербек пен Инкаров Ерғали. АПФ бойынша екінші орынға “Хан Тәңірі” фракциясы Азамат Арынов пен Әсет Оразғали, үшінші орындарды “Жамбыл” фракциясы Әбуғали Ерғали мен Тұрсыналы Дулат және “Аргумент” фракциясы Онгаров Нуржан мен Абенов Ахметжан иеленді.
Ал мектеп лигасында ЛД форматында ең үздік спикер атанған Тайтанова Дианаға JOO High School-дан бір жылдық грант табысталды, ал үздік спикер атанған Бақытбек Ақбота, АПФ форматында бірінші орынға “Нагато мен Минато” Джумадин Ерасыл, Қуанышбек Бекжан, екінші орынға “Shym shide street” фракциясы Әзімхан Бекарыс, Әділбай Ратжан, үшінші орынға “Ғүмырдан да ұзақ күн” фракциясы Койшиева Арайлым, Табынбаева Нұрдана, “Dope Soz” фракциясы Зайдуллаева Арайлым мен Аскарова Анель иеленді. Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды.
Турниға демеушілік көрсеткен Narxoz University, Altyn Altai мейрамханалар желісі, JOO High School мектебі, Qulankz отандық киім дүкені мен Degusto кофейнялар желісіне алғыс білдіреді.
Толығырақ @teodebate парақшасы арқылы біле аласыздар.
Abai.kz