Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2758 0 пікір 14 Қараша, 2013 сағат 13:34

Аймақтың Астанаға тартуы

Арқаның алғашқы аязына тап болсақ та, қасиетті Маңғыстау жерінен ат терлетіп келген делегация құрамының көңіл-күйі көтеріңкі. Иә, Астананың төрінде республикамыздың әр өңірінен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу дәстүрге айналғанымен, мұнда олардың өзіндік бір іскерлік те мәдени байланыстарының тізбегі жатса керек. Астана жұртшылығы арқа-жарқа. Таңмен таласа тұрған олардың көпшілігі қала әкімшілігінің алдындағы алаңға ағылған.

Маңғыстаумен бірге мұнда Ақтөбе облысының да ауыл шаруашылығы өнімдері тұтынушыларға көптеп ұсынылған екен. Оның басым бөлігі ет пен балықты құрайды. Көкөніс, қартоп пен пияз, сүт өнімдері, жұмыртқа дейсің бе, рет-ретімен тізбек құрған дүңгіршектерден лезде өтіп кетіп жатыр. Əрине, арзан бағамен ұсынылған сапалы тауарды кім алмасын? Астана тұрғындары да əккіленіп алған. Арбалап та, дорбалап та тасып жатыр.

Маңғыстау облысы Елорда жəрмеңкесіне жалпы 60 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін əкелген.

Таратып айтсақ, 30 тонна көкөніс жəне 9 тонна сүт пен қышқыл сүт өнімдері бар, 1 тонна қазақ ұлттық тағамдары – құрт, балқаймақ, ірімшік, 10 тонна ет пен 10 тонна балық.

Қарт Каспийдің жағалауынан келген соң ба, астаналықтардың ынтызары балыққа ауған. Тіпті кілəсі 4000 теңге дегеніне қарамастан, бекіре тұқымдас балық та жаппай өтіп жатыр.

Елмен етене араласа жүріп, жəрмеңкенің жалпы ахуалымен танысқан облысымыздың əкімі Алик Айдарбаев пен Ақтөбе облысының əкімі Архимед Мухамбетовтің де, олармен бірге еріп жүрген Астана қалалық мəслихатының хатшысы Сансызбай Есіловтың де көңілдері тоқ.

Ал, сол күні үйінің күйін келтірген астаналықтар мен қала қонақтары алыстан келген өнер тарландарының жəрмеңкеге əр берген концертін де, басқа да театрландырылған қойылымдарын тамашалап жатты. 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1605
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3221
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1209
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1118