Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
4585 0 пікір 14 Мамыр, 2024 сағат 16:47

Мешіт ішіндегі төбелес: ҚМДБ мәлімдеме жасады

Сурет: ҚМДБ сайты

Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралуда. Осыған байланысты ҚМДБ төмендегіні мәлімдейді:

Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген біртоп азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

Намаз кезінде “әмин” дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады.

Еске сала кетсек, ҚМДБ бекіткен "Мешіт ережесі" бойынша Қазақстан мұсылмандарының ауызбіршілігі мен біртұтастығын қамтамасыз ету үшін намаз бен діни рәсімдер Әбу Ханифа мәзһабы бойынша орындалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576