Жұма, 2 Желтоқсан 2022
Жаңалықтар 2601 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 10:23

Доссордың спорттық жетістіктері

Атырау облысы, Мақат ауданының, Доссор  кентінің тарихы тереңде жатыр. 2011 жылы Доссор кен орнының 100 жылдығы салтанатты жағдайда аталып өтті. Бұл көптеген даңқты мұнайшылар, сонымен қатар белгілі спортшылар  шыққан қасиетті мекен.  Мұнда көп жылдан бері жергілікті дене шынықтыру және  сауықтыру кешені жұмыс істейді. Кешен көптеген спортшылардың осы салада жетістікке жетуіне септік етіп отыр.

Жергілікті дене шынықтыру және  сауықтыру кешені өз кезеңінде салынған еді, ал Доссор мұнайының 100 жылдығына орай,  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бөлген қаржысымен бұл кешен қайтадан жаңғыртылды. Әлеуметтік серіктестік бағдарламасы аясында, мұнай компаниясы Доссордың спорттық ғимараттарының барлығын дерлік қайта қалыпқа келтіру үшін қаржы бөлді.

 Күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, жекпе-жек, күрес жаттығулары мен  жаттығу жасау құрылғылары үшін арнайы бөлмелер салынып, дене шынықтыру және  сауықтыру кешенінің ғимараты кеңейтілді. Жаттығулар жасап, шағын футбол, баскетбол, волейбол жарыстарын өткізуге болатын орталық алаң қайта қалыпқа келтірілді.

Мұнда, жоғары қызығушылық танытып  спортпен үлкендер де, балалар да  шұғылданады. Жергілікті тұрғындар үшін спорт кешені жиі баратын орындардың біріне айналды.  Мұнда  әлемдік беделді жарыстарда ел намысын қорғаған  атақты спортшыларымыз да бар. Әсіресе, спортшылар арасында ерекше қызықтыратын,   Мейрам Ғалиев  жаттықтырушы болып табылатын -  муайтай күресшілері.

Доссор дене шынықтыру және  сауықтыру кешенінің муайтай секциясының тәрбиеленушісі Еламан Саясатов биыл Лиссабондағы жарыста Еуропа чемпионы атанды. Тағы бір спортшы Ишан Ғалиев әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанып, 2013 жылдың Әлем кубогын жеңіп алды.

Қазақстанның ескі, мұнай өндіретін ауылында тек қана спорт кешенінде ғана емес,  сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ тұрғызған, жергілікті мектептердің жанына жасанды жабындармен жасалған бес спорттық алаңдарда да спортпен шұғылдануға болады.

Сурет №1

Сурет №2

Сурет №3

Сурет №4

Сурет  №5, № 6

Сурет №7

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Қандастар қазаққа, Қазақстанға не берді?

Райыс Әріпжанұлы 1386
Алашорда

Түркілік тек және түркі-моғол бірлігі

Жәди Шәкенұлы 658
Қауіп еткеннен айтамын

Газдың геосаяси «геморройы»

Әміржан Қосан 837