Сейсенбі, 29 Қараша 2022
Жаңалықтар 2535 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 10:26

«Қазақстан дауысы» енді тікелей эфирде

««Қазақстан» ұлттық арнасында қыркүйек айынан бері көрсетіліп келе жатқан «Қазақстан Дауысы» теледуманы желтоқсанның 15-нен бастап тікелей эфирде өтеді»-деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

Үміткерлердің көмейінен шыққан әрбір дыбыс, олардың жүріс-тұрысы мен сол сәттегі  көңіл-күйі тайға таңба басқандай көрерменнің көз алдында  өтеді. Қазақстандықтар жобада қалған 32 үміткердің ішінен өзі ұнатқан әншіге СМС арқылы дауыс бере алады.

15-желтоқсан күні әр тәлімгердің тобынан 4 әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. Әр топтан  екі үміткер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олардың бірі көрермен дауысының қорытындысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таңдайды. Осылайша әр топтан екі өнерпаз жобамен қош айтысады.

Тікелей эфирдің алғашқы күнінде Алмас Кішкенбаевтың тобынан бірінші болып өнер көрсететіндер: Ару Әуезова, Азамат Мәдуәлиев, Бердібек Құлғараев, Әлібек Сұрабалдинов.

Алмастың тобындағы осы үміткерлердің өнерлерін Мәдина Сәдуақасованың тобы жалғастырады. Олар: Айнара Айтқалиева,  

Гүлсім Макитова,  Әділ Ахметжанов, Толғанай Пазылақын

Ал Медеу Арынбаевтың тобынан алғаш болып өнер көрсететін үміткерлер: Санда, Жанғали Әбішев,  Жанна Верещак,   Айнұр Арашапова.

Содан соң тәлімгер Нұрлан Албанның тобы сахнаға шығады. Олар: Гүлжиян Оспанова, Күлайым Қайырбаева,  Шахаризат Сейдахмет,   Салтанат Меңдіғалиева.

Тікелей эфирдің алғашқы күні өнер көрсеткен 16 өнерпаздың 8-і ғана келесі кезеңге жолдама алады. Көрермендердің дауысын аз жинаған өнерпаздар жобадан шығып қалады.  

Жексенбі сайын, сағат 21.35-те,  ұлттық арнадан «Қазақстан дауысы» жобасын көріңіздер!

0 пікір

Үздік материалдар

Әне, көрдің бе?

Орыс патриотизмі және яхта

Есбол Үсенұлы 1526
Қазақтың тілі

Қазақтың тілі өлмесін десек...

Камшат Тасболатова 1620
Соғыста жүрген сұлулар

Майдандағы Украина арулары: Маргарита Ривчаченко

Айжан Темірхан 1778