Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 6715 0 пікір 9 Желтоқсан, 2013 сағат 10:31

«Әпке» телехикаясы

9-желтоқсан 2013 жылы сағат 12.00-де Астана қаласы «Қазмедиа Орталығының» 21-қабатында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тапсырысымен Дулат Исбековтың шығармасы негізінде түсірілген «Әпке» телехикаясының тұсаукесер рәсіміне орай ұйымдастырылған брифинг өтеді.

Брифингке Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков,  «Қазақстан» РТРК» Басқарма төрайымының өндіріс жөніндегі орынбасары Олжай Қайнар Қалиақпарұлы, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры І.Ысқақов және «Әпке» телехикаясының  режиссері Нұргелді Сәдіғұлов, сценарисі  Жәмит Көшербаев және фильмде

рөлдерді сомдаған танымал актерлер қатысады.

«Әпке» - дарабоз жазушы Дулат Исабековтің шығармасы негізінде түсірілген тұңғыш телехикая. Бұл туынды 30 жылдан астам М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында пьеса ретінде көрсетілді.  Телехикая жетім қалған бауырларына пана болып тәрбиелеп өсірген, осылайша өз өмірін құрбан еткен әпке бейнесін жан-жақты ашып көрсетеді. Фильмде қыл мойынымен нар жүгін арқалауға тәуекел еткен нәзік жан,қамқор әпке арқылы отбасылық құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

«Әпке» телехикаясының бас продюсері - Батырхан Сазаханов, қоюшы режиссері - Мұрат Бидосов. Рөлдерді Рита Күмісқалиева, Қуаныш Керімқұлов, Дарын Шыныбек, Айдана Асқар, Әли Тұрсынханов, Бақытжан Әлпейісов, Шынар Асқарова, Ерлан Біләл, Айзада Сатыбалдиева, Жалғас Толғанбай  сомдайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2280
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3600