Яндекс.Таксидегі баға мәселесі өзекті болып қалады
Күні кеше Монополияға қарсы органның "Яндекс.Такси" тарифтерінің күрт көтерілуін тоқтатуға ықпал ете алғандығын хабарлаған едік. Алайда ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров баға белгілеуге қатысты сұрақтардың әлі де бар екендігін мәлімдеді.
"Бағаға қатысты мәселе әлі бар. Егер тариф кенеттен қалыпты жағдайдан 10 есе асып кеткен фактілер болса, біз мұның бәрін қайта қарауға дайынбыз. Шағымдар келіп түсуде, бірақ көп емес. Сұрақтар болса, талдау жасаймыз. Бүгінгі күні бұл баға х3 деңгейінде максималды болады (тарифтің үш есе жоғарылауы. - Автор), яғни одан жоғары көтерілмейді. Иә, бұл жүктеме кезеңінде жоғары, бірақ бұрынғыдай емес. Яғни, белгілі бір бағыттарда баға х10, х11-ге жетті, яғни біз бұл бөлікті реттей алдық", – деді Марат Омаров.
Ол атап өткендей, "Яндекс.Такси" ыңғайлы қызмет, бірақ оларға қойылатын сұрақтар әрқашан бағаға қатысты.
Abai.kz