Әуесқойлық телеэкранның ғана емес, тілдің түбіне жетеді!
Тілдің қалыптасқан әдеби нормалары мен лексикаларын тұрмыстық, өңірлік нұсқалармен "өңдеу" біздің кәзіргі тілдік тірлікке айналды. Бүгін таң атпай "Таңшолпан" бағдарламасы кәдімгі қаламға "тиісті". Тілшісі бар, жүргізушісі бар, көрермені бар "қаламсап" деп қақсады-ай келіп... Айналайындар-ау, "қаламсап" архаизмге айналды емес пе? Кәзір қаламсап пен қаламұш бірігіп қалам болғалы қай заман. Өткен ғасырдың 70-жылдары барлық оқушы сиясауыттан құтылып, шарикті қаламға көшіп, сонымен бірге қаламсап та тілден ығыса бастағалы қашан?! Әдебиет пен сөздік біткенде "қалам" емес пе?! Сонда телеэкранда газет-кітап қарамайтындар шұбырып не істеп жүр?
Бұл - тілдің әдеби ресми қалпын қасақана бұзу емей немене?! Бас телеарнамыз таңды осылай тілді бұрмалаумен қарсы алса, қазақ боламыз ба, мазақ боламыз ба? Ау, сауатты басшылар мен мамандар қайда қарап отыр? Әлде бар деңгейіміз осы ма?! Ұлт болып үйренетініміз де, меңгеретініміз де ұлттық арнаның тілдік үлгісі мен ұйытқысы емес пе?! Неге тілкөжеге үйір болып барамыз?
Бұл - тіл мәдениетін меңгермегендік, әуесқойлық... Кешіріңіздер, бодан қалпымызда бұзылмаған тілді егемен ел болғанда паршалауға жол жоқ!
Шараса қолданыңыздар, мырзалар мен ханымдар!
Abai.kz