Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, деп хабарлайды Abai.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
"Маңғыстау облысының шекарасы Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен аумақтық сулардың сыртқы шегін өлшеуге арналған негіздік сызықтар арасындағы жерлерді ( 1 638 837,5075 га) Маңғыстау облысының аумағына қосу жолымен өзгертілсін", – делінген құжатта.
Ендігі жерде Маңғыстау облысының шекарасына енгізілетін өзгерістер төмендегідей сипат алады:
- Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
- Оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- Оңтүстік-шығыс шекара қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
- Батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.
Маңғыстау облысындағы аумақтық сулар (теңіз) ені бойынша облыс шекарасынан бастап бастапқы сызыққа дейінгі аумақ төмендегідей:
- Ақтау қаласы бойынша 87171,2282 гектар;
- Бейнеу ауданы бойынша 81805,1200 гектар;
- Қарақия ауданы бойынша 513287,6044 гектар;
- Маңғыстау ауданы бойынша 150105,7313 гектар;
- Мұнайлы ауданы бойынша 49808,5611 гектар;
- Түпқараған ауданы бойынша 756659,2625 гектар.
Қаулы 2024 жылғы 2 маусымнан бастап қолданысқа енеді.
Abai.kz