Жексенбі, 24 Қараша 2024
1091 1 пікір 23 Мамыр, 2024 сағат 15:00

Енді жұбайыңыздың келісімінсіз несие ала алмайсыз

Сурет: istockphoto.com

Енді 1000 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомада несие беру кезінде банк қарыз алушының жұбайынан рұқсат сұрауға міндетті. Сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның бұл нормасы талқыланды.

1000 АЕК – 3 700 000 тг.

Бұл  тек болджамды сома. Нақты көрсеткіш заңға президент қол қойғаннан кейін 60 күн ішінде анықталады.

Сенат отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов сома неліктен 1000 АЕК деңгейінде белгіленгенін түсіндірді.

"Әртүрлі өмірлік жағдайлар болады. Мысалы, жұбайлардың бірі шетелде, ал екіншісі аурухана шығындарына шұғыл түрде ақша қажет болды делік. Біз 1000 АЕК мөлшерін анықтадық – бұл 3 700 000 теңге, бұл сома өте шұғыл шығындарды жабуға жеткілікті деп есептейміз", – деді Олжас Қизатов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570