1,5 млн қазақстандық несиесін уақытылы төлей алмай келеді
Елімізденесиесі бар 8,4 миллион қазақстандықтың 1,5 миллионы 90 күннен бері несиесін өтей алмай жүр. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
"2024 жылғы сәуірдегі тұтынушылық несиелердің жалпы сомасы 14,2 триллион теңгені құрайды. Оның ішінде мерзімі өткен несиелердің үлесі (90 күннен астам) 1,6 трлн теңгені құрайды, бұл шамамен 12 пайызды құрайды. Тұтыну несиелерін алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн-ға дейін, оның 1,5 млн-ының мерзімі 90 күннен асып кеткен", – деді Сенат отырысында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов.
Abai.kz