Күзден бастап оқушы қыздарға жаппай екпе егіледі
Үкіметтен 9,7 млрд теңгеден астам қаржы папиллома вирусына қарсы вакцина үшін бөлінді. Аталмыш вакцина биыл күзде 175 мың жасөспірім қызға егілмек, деп хабарлайды Abai.kz.
Екпе екі кезеңнен тұрады. Біріншісі он бір жастағы оқушы қыздарға салынса, екіншісі алты айдан кейін егіледі. Мамандардың айтуынша, екі кезеңге бөлінген вакцина жатыр мойны обырының алдын алады. Сондай-ақ, денсаулыққа кері әсері жоқ.
"Адам папиллома вирусы көптеген қауіпті ауруларды шығарады. Олардың ішінде ең бірінші жатыр мойны қатерлі ісігі. Ол 99 пайыз дәл осы вирустан болады. Көптеген ел 15-16 жыл бұрын бастаған. Олардың қорытындылары бізге осындай үлкен нәтижесі бар екенін және қауіпсіз екенін дәлелдеген", – деді онколог-гинеколог дәрігер Райхан Болатбекова.
Abai.kz