Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
4209 2 пікір 24 Мамыр, 2024 сағат 17:52

Қазақстанда мұнай жеткізу кестесі цифрланады

Энергетика министрлігі мұнай жеткізу кестесін қалыптастыруды жетілдіріп, кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру және автоматтандыру жайын жоспарлады.

Министрліктің хабарлауынша, мұнай жеткізу кестесін үш кезең бойынша цифрландырылмақ:

  1. Біріншіден, олар нарық субъектілерінің өтінімдерді цифрлық нысанда беруін енгізеді;
  2. Одан кейін мұнай жеткізу кестелерін таратудың цифрлық моделін жасайды;
  3. Соңында олар осы кестелерден үзінді алушыларға таратуды автоматтандырады.

«Процесстің цифрлық трансформациясы адам факторын жояды, тиімділікті арттырады және министрліктің бұл функциясының ашықтығы мен қолайлылығын қамтамасыз етеді» деп атап өтті энергетика министрлігі.

Қызметті 2024 жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарлануда.

«Бұл ҚМГ мен Petrosun-ғы ғана емес (нарықтың 80 пайызын құрайды) барлық нарық субъектілеріне қатысты»,- деп атап өтті министрлік бастамасына түсініктеме берген Energy Monitor қоғамдық қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1028
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2576
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 681