1 шілдеден бастап интернет қымбаттайды
Бәсекелекстікті қорғау және дамыту агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ға 1 шілдеден бастап тарифтердің қымбаттануына байланысты ескерту жолдады, деп хабарлайды Abai.kz.
«Қазақтелеком» АҚ 2024 жылғы 20 мамырында өзінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялады. Байланыс туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар бойынша белгілейді", – делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап архивтегі тарифтік желінің кейбір тарифтік жоспарлары бойынша бағалардың көтерілетіні белгілі болды. Қымбаттау бағалары үйдегі интернет пен ALTEL, Kcell тарифтеріне тікелей әсер етпек.
51 тарифтік жоспардың бағасы 5500 бен 11000 теңге аралығында бекітілген.
Abai.kz