Жексенбі, 24 Қараша 2024
1317 1 пікір 24 Мамыр, 2024 сағат 18:53

Малынан айрылған Құлсарылықтарға 120 млн теңгеден астам өтемақы төленді

Сурет: madeniportal.kz

Жылыой ауданының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі тұрғындардан келіп түскен 101 өтінішті толығымен қанағаттандырды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

"Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүгінгеннен кейін, су тасқыны кезінде жоғалған малым үшін залал көлемі толығымен өтелді", – деді шаруа қожалығының басшысы Аида Еркінқалиева. 

Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаевтың айтуынша, бүгінде малынан айрылған азаматтардың шоттарына барлығы 123,8 млн теңге аударылған.

"Өтініштерді қабылдау жалғасуда, 15 жұмыс күні ішінде арнайы комиссия барлық құжаттарды қарайды, өтемақы малынан айрылған азаматтың жеке шотына аударылады. Бұған дейін қабылданған өтініштер бойынша залал толығымен өтеледі", – деді Нұртас Қуатбаев. 

Abai.kz

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570