Жексенбі, 24 Қараша 2024
1021 3 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 16:44

Оқушылар алғаш рет қазақ тілінен емтихан тапсырады

Сурет: astanazan.kz

Қазақстанның оқушылары алғаш рет қазақ тілінен бірыңғай емтихан тапсырады, деп хабарлайды Abai.kz.

"27 мамырда қазақстандық мектептерде аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру кезеңі басталды. Олар 11 маусымға дейін жалғасады", – деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптар 31 мамырға дейін қазақ тілінен емтихан тапсырады. Ол екі бөлімнен тұрады: жазбаша және ауызша: тыңдау, сөйлеу, оқу, эссе.

"Емтиханнан төмен баға алғандарға ешқандай жаза қарастырмадық. Себебі емтихан - баланы жазалауы емес, ынталандыруы керек. Ал министрліктің ұстанымы тіл үйренуді ынталандыруға бағытталған. Жаза болмауы керек", - деді Бейсембаев журналистерге.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ұсыныс Қазақ тілі мұғалімдерінің съезінде және педагогтар қауымдастығы өкілдерінің кездесуінде айтылған болатын.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554