Сенбі, 11 Қазан 2025
2125 0 пікір 27 Мамыр, 2024 сағат 17:08

Қазақстанда квотаның жаңа екі түрі енгізіледі

Сурет: egemen.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша Қазақстанда биылдан бастап жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған жаңа 2 квота түрі енгізілді.

Жаңадан енгізілетін квоталар: 

  • әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан азаматтары үшін – 1 пайыз;
  • жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жерде зардап шеккен азаматтар үшін – 20 пайыз.

Бұл квота түрлері үкімет басшысының өкіміне сәйкес қолданысқа енгізіледі.

Естеріңізде болса бұған дейін үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында су басқан өңір түлектеріне арналған квота туралы хабарлаған болатын. Бұл квота бойынша биыл 12 528 грант бөлінді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 811
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9876