Жексенбі, 24 Қараша 2024
895 1 пікір 29 Мамыр, 2024 сағат 15:04

Ауылдарға фельдшерлік пункт салуға ақша бөлінбек

Сурет: kingsp.ru

Үкімет "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ұлттық жобада 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу мен орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі:

Арқалық өңірлік ауруханасы перзентханасының ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтауға;

Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасының екі блогын күрделі жөндеуге;

Атбасар көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас ғимаратын күрделі жөндеуге;

Балқаш қаласының Орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға;

Балқаш қаласының Көпсалалы ауруханасының ангиографиялық ота жасайтын бас корпусына қосымша ғимарат салуға және ангиографиялық қондырғыны орналастыруға;

Шиелі көпсалалы орталық аудандық ауруханасының ғимаратына қосымша блокты жапсарлас сала отырып, күрделі жөндеуге және сол жерде 30 төсек-орынға арналған жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысына аударылады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552