Жексенбі, 24 Қараша 2024
1070 0 пікір 29 Мамыр, 2024 сағат 18:24

Құлсарының 1200-ден астам тұрғыны төлемақы алды

Сурет: © Sputnik / Абзал Калиев

Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға төлемақы төлеу жалғасуда.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 1209 тұрғынның есепшотына төлемақы аударылғанын хабарлады. Оның 451-і жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін, 758-і тұрғын үй сатып алу немесе үй құрылысын салу үшін. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Комиссия қорытындысы бойынша үйі бағаланып, қорытындысы шыққан тұрғынның бірі зейнеткер Дариға Ағысова. 

- Комиссияның шешімімен үйіміз бұзылатын болды. Хабарлама келген соң қаражат ертесіне аударылды. Осы қаражатқа алдағы уақытта үй сатып алғымыз келеді. Биыл салынғанына 10 жыл болған үйіміз суға кеткенде аяқ-жолды алып жүретін мүмкіндік болған жоқ. Құжаттарымызды ғана түгендеп ала алдық. Болашақта барлығы қалпына келеді деп үміттенеміз. Бұзылған үйдің орны өз иелігімізде қалатын болды. Су тасқыны болып жатқанда Маңғыстау облысындағы туыстарымыздың үйіне отбасымызбен уақытша көштік. Ол жерде бірнеше уақыт болып, су сейілген соң қайта келдік", – деді зейнеткер. 

Үйі бұзылатын тұрғындардың қатарында Ерболат Таңқив те бар:

- Ең алдымен залалсыздандыру жұмыстарына өтініш бердік. Үйдің қабырғасы жарылып, судың әсерінен еден көтеріліп кетті. Бағалаушылар мен техникалық зерттеу мамандары да үйдің жағдайын көрді. Мүлікті бағалаушылар да келді. Содан соң комиссияның шешімімен үйіміздің бұзылатындығы туралы хабарлама алдық. Үйді бұзуға 45 күн мерзім беріледі екен, сондықтан үйді бұзу жұмыстарына кірісіп кеттім", – деді Ерболат Таңқиев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554