Жұма, 19 Шілде 2024
1077 3 пікір 3 Маусым, 2024 сағат 14:07

Қазақстанда жылына 300 мың тонна мыс балқытатын зауыт салынады

Коллаж Ulysmedia

Үкіметтің баспасөз қызметі Премьер-министр Олжас Бектенов пен China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпиннің мыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылағанын хабарлады.

Кездесу нәтижесінде жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Жобаны құны – 1,5 млрд АҚШ доллары.

Келісімге тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін "Kaz Minerals Smelting" ЖШС, технологиялық жабдықты жобалау және сатып алу қызметтерін жеткізуші компания China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), сондай-ақ құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарының мердігері "NFC Kazakhstan" ЖШС компаниялары арасында қол қойылды.

Жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорын республикадағы ең ірі өндіріс орнына айналмақ. Мыс балқыту өндірісі саласында қолданылатын технологиялар әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

"Мемлекет басшысы орнықты экономикалық өсім міндетін қойды. Жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы – елімізде өндірілетін мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік беретін және экономикаға елеулі үлес қосатын ірі индустриялық жоба. Мыс саласы біздің өнеркәсіптің басым секторларының бірі және біз үшін оның қарқынды дамуы өте маңызды", — деді Олжас Бектенов.

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1297
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2030
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2076