Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3619 0 пікір 21 Желтоқсан, 2013 сағат 08:35

Жауапкершілігі жоғары іс

Әдетте,  бұқаралық ақпарат  құралдарында мұнай-газ компаниясының қызметі туралы  жарияланымдарда  мұнай мен газдың өндірілу көлемі, сақтаулы қорлар, өнеркәсіптің құрылымы туралы және кірістер жайлы айтылады.  Ал,  компанияның өзінің қызметкерлеріне деген әлеуметтік жауапкершілігі туралы сирек жазылып жатады.Ерекше айта кететін жайт, мұнайшылардың еңбек ету жағдайын жақсартуға ұдайы маңыз беріп, ауқымды жұмыстарды жүргізіп отырған компаниялар бар. Олар қызметкерлерінің  ауыр өнеркәсіптегі жұмыс күндері, вахта уақытында тамақпен қамтамасыз етіп, еңбектен тыс демалыс кезіне қажетті  жағдайларды жасап қойған.

Әдетте,  бұқаралық ақпарат  құралдарында мұнай-газ компаниясының қызметі туралы  жарияланымдарда  мұнай мен газдың өндірілу көлемі, сақтаулы қорлар, өнеркәсіптің құрылымы туралы және кірістер жайлы айтылады.  Ал,  компанияның өзінің қызметкерлеріне деген әлеуметтік жауапкершілігі туралы сирек жазылып жатады.Ерекше айта кететін жайт, мұнайшылардың еңбек ету жағдайын жақсартуға ұдайы маңыз беріп, ауқымды жұмыстарды жүргізіп отырған компаниялар бар. Олар қызметкерлерінің  ауыр өнеркәсіптегі жұмыс күндері, вахта уақытында тамақпен қамтамасыз етіп, еңбектен тыс демалыс кезіне қажетті  жағдайларды жасап қойған.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құрылымында бұл міндетті оның еншілес кәсіпорны «KMG EP-Catering» ЖШС атқарады.ЖШС-нің Жаңаөзен және Атырау қалаларында екі бөлімшесі жұмыс істейді. Олардың басты және жауапкершілігі жоғары міндеттері - ҚМГ БӨ кен орындарының бөлімшелеріндегі қызметкерлерді тамақпен қамтамасыз ету болып табылады.Компания тек Атырау және Маңғыстау облыстарындағы түскі ас әзірлейтін, тұрақты асханаларға ғана қызмет көрсетпейді.Тамақтандыру саласы – өте жоғарғы жауапкершілікті жүктейтін жұмыс.Сондықтан да, азық-түлікті сатып алудан дайын ас дайындалғанға дейінгі аралық тұрақты және мұқият бақылауға алынған.«KMG EP-Catering» ЖШС-нің Бас директоры Бекқожа Боранбаев өз сөзінде: «Күн сайын, мен, орасан зор адам санына жауап беретінімді ойлап оянамын. Себебі, біз мұнайшыларды қалай тамақтандырсақ, олардың көңіл-күйлері де, жұмыстарының сапасы да соған байланысты жақсы болады. Байқаусызда кетіп қалған бір қателік үлкен мәселелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан да, біз бұл жұмысқа үлкен тиянақтылықпен қараймыз»,-деді.

Алыстағы ұңғымаларда жұмыс істейтін жөндеу жұмыстарымен айналысатын бригадалар үшін тамақтар арнайы термостарда жеткізіледі. Себебі, кен орындарының географиясы мен олардың ара қашықтықтары, кейде жүз шақырымдарғадейін созылып жатады. Сол үшін, компанияда аспазшы-экспедитор жұмыс істейді.

Тағамдарды көп жылдық тәжірибелері бар кәсіби аспазшылар дайындайды. Ас мәзірінде тағам түрлері көп, әрі барлығы өте дәмді етіп әзірленеді. Асханалардағы ас үйлерінің барлығы қажетті құралдармен жабдықталған. Ал, асханалар өте жайлы, әрі тазалық жақсы сақталған.

Бұдан басқа, «KMG EP-Catering» ЖШС кен орындарында тұрмыстық-шаруашылық кешендеріне  сервистік қызмет көрсетумен айналысады.Арнайы тұрғызылған модульдік ғимараттарда әрбір жөндеуші немесе арнайы техника жүргізушілерінің бригадасы үшін арнайы жабдықталған: киім ауыстыратын бөлмесі, душ бөлмесі, кір жуатын орны және киім кептіргіші және демалатын бөлмесі бар.

«KMG EP-Catering» ЖШС-нің тағы бір қызмет саласы – «Кендірлі» демалыс аймағында мұнайшылар мен олардың балалары үшін «Ақбөбек» балаларды сауықтыру орталығында демалыс ұйымдастыру. Кендірлі – Жаңаөзен қаласынан 70 шақырым жерде, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан, түрік жағажайларынан артық болмаса, кем түспейтін құмды жағажайы бар демалыс орны. Демалыс орны мен балалар лагері өзінің инфрақұрылымы жағынан: жабық және ашық жүзу бассейнімен, отбасылық және жастарға арналған коттедждерімен, жазғы кафелері мен мейрамханаларымен, ойын-сауық орталықтармен шетелдік ең озық демалыс орындарынан кем түспейді. Жаз мезгілінде мұнда бос орын табу қиынға соғады, жазда ғана емес, «Кендірліге» мұнайшылар өз отбасылармен, үлкен сүйіспеншілікпен жылдың кез келгенуақытында да демалуға келеді.

Сонымен қатар, «KMG EP-Catering» ЖШС Жаңаөзендегі жақында ғана ашылған вахташы-мұнайшыларға арналған, жүз орындық, заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені «Шерқала» қонақ үй кешеніне де қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, Атырау мен Астанада түрлі нысандар  мен кеңселер бар.

Қысқаша айтқанда, компанияның қызмет көрсететін салалары жеткілікті. «KMG EP-Catering» ЖШС қызметкерлері үшін  негізгі талап – бұл көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы болып табылады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345