Сенбі, 23 Қараша 2024
1546 1 пікір 3 Маусым, 2024 сағат 16:26

Бишімбаев ісі: Алқабилерге пара бермек болған әйел ұсталды

Суркт: Facebook/ Гульжан Ергалиева

Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамед Ертісбаевтың мәлімдеуінше 17 мамыр күні Бишімбаев ісі бойынша алқа билерге 200 миллион теңге пара бермек болған әйел ұсталды. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Айтбек Амангелдінің сұхбаттарының бірінде ұсталған әйел туралы сөз болған. Нукенованың ағасы айтып отырған әйел былтыр қазанда Бишімбаев бала қағып өлтіргенін айтты деп бөлісті.

Ертісбаев бұл жалған ақпарат екенін, ІІМ бұл ақпаратты ресми жоққа шығарғанын айтады.

«Менің дереккөздерімнің мәліметінше, ұсталған әйел тергеуде ешқандай ақпарат бермей, оның артында дөкейлер тұрғанын айтады. Сондықтан Бишімбаевқа қатысты сот әлі аяқталған жоқ. Алда әлі күтпеген жайттар болады. Егер ол ақша соттың шешіміне әсер етуге арналған болса алқабилердің шешіміне күмән келуі мүмкін. Бұл тек болжам. Антикордың бұл іс бойынша ресми жауабын күту керек» деді Ертісбаев.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339