Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
793 0 пікір 4 Маусым, 2024 сағат 13:37

Енді "Сергек" арқылы су тасқынынан кейінгі тұрғын үй құрылысын бақылауға болады

Сурет: inbusiness.kz

Қазіргі таңда Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс және Солтүстік Қазақстанда бас-аяғы 55 камера жұмыс істеп тұр.  Тікелей эфир тәулік бойы қосулы. Қарапайым халық енді gov.kz сайты арқылы тікелей эфирге қосылып, жаңа баспаналардың іргестасы қаланып, қабырғалары көтерілген сәтті тікелей трансляциядан көре алады.

 "Біз бұған дейін gov.kz платформасында су тасқынына қарсы іс-шаралар өткізілетін орындардан трансляция шығардық. VMS кешенді жүйесінің көмегімен Қазақстан азаматтары зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын бақылай алады. Тұрғындардың өмірін жақсарту, олардың қауіпсіздігі мен ақпараттандырылуы үшін әзірлеген технологияларды қолдану - біздің әлеуметтік жауапкершілігіміз", – деді Sergek Group бас директоры Асет Ахметов.

 Abai.kz

0 пікір