Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
876 0 пікір 4 Маусым, 2024 сағат 13:53

Газа секторында 3 500-ден астам бала аштықтан өлді  

Сурет: medtour.help

Anadolu агенттігінің хабарлауынша Израильдің Газа секторына жасаған шабуылынан 36 439 палестиналық қаза болды. Оның 15 328-і бала болса, 10 171 әйел. Жарақат алғандар саны  82 627 адам.

 Ал балаларды аштыққа ұшырату саясатының кесірінен бес жасқа дейінгі 3 500-ден астам бала өлді.

Қазіргі таңда Газада сүт пен азық-түлік тапшылығы, тағам қоспаларының жетіспеушілігі бар. Төрт апта қатарынан гуманитарлық көмектің кіруіне тосқауыл қойылып жатыр.

 “Қырғын соғыста 15 мың 438 бала қаза болып, 10 мыңдаған бала жараланды, 17 мыңнан астам бала ата-анасынан айырылды. Балаларға тереңдетілген психологиялық қолдау қажет. Біз Халықаралық қылмыстық сотты, барлық басқа халықаралық сотты және еркін судьяларды Израиль мен АҚШ соғыс қылмыскерлерін қудалауға шақырамыз”, – делінген Халықаралық қоғам және Біріккен Ұлттар Ұйымының үндеуінде.

 Ауруханалар мен оқу орындарына да шабуылдар жасалынды. Үйінділер астында мыңдаған өлгендердің денелері қалды.

Abai.kz

0 пікір