Сенбі, 23 Қараша 2024
1289 0 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 13:05

Тез жаңарып жатқан қытайлық көліктерге қарсы бейбіт шеру өтті

Сурет: centuryautomobile.com

Соңғы екі жылда Қазақстанда да қытайлық көліктер саны жоғары қарқынмен артып келеді. Отандық автосарапшылар алдағы уақытта бұл көліктерге қосалқы бөлшек табу бойынша қиындықтар туатынын болжап отыр. 

Aito M7 көлігінің жаңа үлгісі тез жаңарып кетуіне байланысты Қытайдың Ухань қаласында автомобилистер бейбіт шеруге шығып, қарсы наразылығын білдірді. Аталмшыш көліктің жаңа үлгісі 2023 жылғы күзде шыққан. Ал 1 маусымда оның рейстайлинг нұсқасы шығып үлгерді. Ал күзгі көліктің жеткізу процесі бірнеше айға созылғанын ескерсек, көлік иелері оны бір-екі ай ғана мініп үлгеріп, рестайлинг нұсқасының шығуына байланысты, олардың көлігі "ескіріп қалған".

Kolesa.kz мәліметінше, шеруге шыққан қытайлықтар саны аз болғанымен, 2024 жылдың бірінші тоқсанының өзінде аталған көліктің 70 мың данасы сатылып үлгерген. Ал сатылған көліктің жалпы саны 180 мыңға жуықтайды. Демек, әлем бойынша наразылық білдірушілер саны көп болуы мүмкін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347