Отбасылық бизнесі мемлекетке пайда әкелетін шенеуніктерге орден беру керек, дейді сенатор Симамбаев
Астана. 16 қырқүйек. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Отбасылық бизнесі мемлекетке пайда әкелетін шенеуніктерге орден беру керек, дейді сенатор Тасбай Симамбаев.
«Бізде қалай болып жатыр? Шенеуніктің отбасы кішігірім дүкен, цех немесе шеберхана ашса болды, оған күдікпен қарайды. Керісінше, оның отбасына мыңдаған жұмыс орнын құрып, салықты уақытында төлегені үшін орден беру керек», - деді ол сәрсенбі күні палатаның кеңейтілген отырысында.
«Олардың көбінің капиталды өз елінің экономикасына емес, шетелге асыратыны осы себептен», - деді депутат.
Оның пікірінше, құқық қорғау органдары «заңды кіріс көздері жоқ бола тұрып, шығыс шейхтері сияқты өмір сүретін биліктің барлық тармақтарындағы» шенеуніктерге назар аудару қажет.