Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4912 0 пікір 24 Желтоқсан, 2013 сағат 04:32

Кәкен Қамзин. "Ағасы бардың – жағасы бар"

     Болашақ журналистикатанушы ірі ғалым, танымал фантаст-жазушы Абдул-Хамид Файзолаұлы Мархабаев, Қасым ақын соқпағына салсақ, «Арпалыс ала құйын заманалар // Арбасып тұрып алды, мен не етемін» жылдарында мына дүниеге келді. Қабағынан қар жауған 1938-де. Әкесі екінші дүниежүзілік соғыс майданында қаза тапты.

     Ғылым мен шығармашылық тізгінін қатар ұстаған санаткер тұлғасын жекебастық емес, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени контексте қарастырсақ,  Әбекең –  аса   шырайлы да шұрайлы жан. Көзіміз көріп жүр, ол осы күнге шейін ең алдымен қазақ ұлтының шекесін қыздыру  үшін жанын салуда. Тек сонан кейін барып Кіші жүз, одан кейін барып Әлім, одан кейін барып Жақайым, одан кейін барып Көлімбеттті  қадір тұтады. Әрдайым «У ішсең – руыңмен» емес, «У ішсең – ұлтыңмен» принципін ұстанады. Сондай кең де салауатты пайымын сезгеннен соң, аңғарғаннан кейін ұстаз қасынан Торғайдың да, Өскеменнің де, Оралдың да, Шымкеттің  де жігіттері екі елі қалмайтын. Мен де біраз уақыт, дәлірек айтқанда, бұдан бір ғасыр бұрын – 1968 жылдың қазан айынан бастап ішінде ақ пен қызыл майдандасқан, айы-күні жеткен келіншектей қарны жер сызған  қоңыр портфелін көтеріп бірқанша жүргенімнің өзі өмірлік өнеге емес пе. 

     Болашақ журналистикатанушы ірі ғалым, танымал фантаст-жазушы Абдул-Хамид Файзолаұлы Мархабаев, Қасым ақын соқпағына салсақ, «Арпалыс ала құйын заманалар // Арбасып тұрып алды, мен не етемін» жылдарында мына дүниеге келді. Қабағынан қар жауған 1938-де. Әкесі екінші дүниежүзілік соғыс майданында қаза тапты.

     Ғылым мен шығармашылық тізгінін қатар ұстаған санаткер тұлғасын жекебастық емес, қоғамдық, әлеуметтік, мәдени контексте қарастырсақ,  Әбекең –  аса   шырайлы да шұрайлы жан. Көзіміз көріп жүр, ол осы күнге шейін ең алдымен қазақ ұлтының шекесін қыздыру  үшін жанын салуда. Тек сонан кейін барып Кіші жүз, одан кейін барып Әлім, одан кейін барып Жақайым, одан кейін барып Көлімбеттті  қадір тұтады. Әрдайым «У ішсең – руыңмен» емес, «У ішсең – ұлтыңмен» принципін ұстанады. Сондай кең де салауатты пайымын сезгеннен соң, аңғарғаннан кейін ұстаз қасынан Торғайдың да, Өскеменнің де, Оралдың да, Шымкеттің  де жігіттері екі елі қалмайтын. Мен де біраз уақыт, дәлірек айтқанда, бұдан бір ғасыр бұрын – 1968 жылдың қазан айынан бастап ішінде ақ пен қызыл майдандасқан, айы-күні жеткен келіншектей қарны жер сызған  қоңыр портфелін көтеріп бірқанша жүргенімнің өзі өмірлік өнеге емес пе. 

     Аға оқытушы кезінде «Орыс журналистикасының тарихы»  пәннінен өткізген дәрістері мен семинарлық  сабақтары бізге А.Н. Радищев, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.Г. Чернышевский, М.Н. Катков, А.Н. Греч, Ф.В. Булгарин, Н.И. Надеждин, О.Ф. Миллер, И.А. Тауберт, А.И. Герцен, М.М. Басов, Н.И. Новиков творчествосы туралы мол дерек берді. Осы ретте 1973 жылы профессор А.В. Западовтың редакциясымен шыққан «История русской журналистики ХҮІІІ-ХІХ веков» оқу құралына жүгінер болсақ, сол шығармада мынадай жолдар ұшырасады: «Бескорыстная помощь народу, оказанная Новиковым, была сочтена правительством особо опасным действием. При первых известиях о Французской буржуазной революции 1789 г. надзор за Новиковым усилился. После истечения десятилетнего срока договор на аренду университетской типографии с ним не был продлен. Новый московский главнокомандующий князь Прозоровский получил от Екатерины II инструкции строго наблюдать за «известной шайкой» и поспешил уведомить императрицу об опасностях распространенной в Москве, «мартинистской заразы» (мартинизм –  религиозно-мистическое учение, распространенное среди масонов в ХҮІІІ в.,  основателем его является   Мартинес Паскалис.  Члены этой  секты  считали себя визионерами, т. e., способными иметь сверхъестественный потенциал.  –  К. К.).

     Весной 1792 г. у Новикова был произведен обыск, его арестовали в имении и под конвоем команды гусар доставили в Москву, а затем тайно перевезли в Шлиссельбургскую крепость. Допрашивал Новикова сыщик и палач Шешковский, применяя пытку. Императрица читала протоколы допросов и руководила следствием. Новиков был объявлен «государственным преступником», организатором заговора против

правительства, руководителем тайного общества, опасного для православной религии, агентом иностранных держав, издателем «развращенных книг». И хоть все обвинения эти

ничем не подтверждались, Новикова приговорили к смертной казни, замененной пятнадцатилетним заключением в Шлиссельбурге. Его огромное издательское предприятие было разрушено, тысячи книг сожжены, все имущество компании пущено с молотка» (История русской журналистики ХҮІІІ-ХІХ веков. – М.: Высшая школа, 1973.).

     Орыс империялық журналистикасы тарихынан алған әлгіндей байыпты білім өзімнің «Е.П. Михаэлистің «Семипалатинские областные ведости» газетіндегі журналистік қызметі» атты кандидаттық  диссертацияма идеялық-танымдық һәм әдістемелік жарығын түсірді.

     Оның қазақ фантастикасы, футурологиялық журналистикасы терминологиясына қосқан үлесі де айта қаларлықтай. Әсіресе «қисынгер»  . – «теоретик», «қиялгер»  – «фантаст» баламалары маған қатты ұнайды.

     Құрметті оқырман қауым. Мен Абай еліне суыт та ұзақ үш рет ат басын тіреген едім. Семейден Қаруылға бара жатқан күре жолдың айналасында, көз жетер жерде жайқалған дала да, желкілдеген ағаш та көзге шалынбайды. «Абай жолындағы» керемет пейзажды да байқай алмайсыз. Қызылдорда өңірінде де бірнеше мәрте болғаным бар. Қаңсыған Аралды, шаң мен құм бораған даланы көрдім. Климатологтар, жер сырын жыға танитын ғалымдар мен экологтар бұл құбылыстың сырын өздерінше сөйлетер. Ал, меніңше, бұның сыры мынау шығар: әр өлке, әр аймақ өз энергетикасын, бойындағы қаны мен қанығын өздерінің үміт артар перзентеріне сарқа беріп тастайды. Семей сақарасы өзінің бары мен нәрін Ақтамберді, Дулат Бабатайұлы, Абай, Әріп, Шаһкәрім, Мұхтар Әуезов, Төлеужан Ысмайылов, Рымғали Нұрғалиев, Мұхтар Мағауин сынды ұлдарының бойына дарытса, Қызылорда, Арал  бойы өзінің шері мен мұңын, бұрқ-сарқын, дауылы мен дүбірін, көркі мен кесектігін Кердері, Тұрмағамбет, Кете Жүсіп, Нұрмағамбет Қосжанұлы, Қалмахан Әбдіқадыров, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Әдіжәміл Нұрпейісов, Қалтай Мұқамеджанов,  Зейнолла Шүкіров, Дүкенбай Досжанов, Абдул-Хамид Мархабаев, Тынымбай Нұрмағамбетов, Мырзан Кенжебай сынды тұлғаларының санасына сіңірсе – оның несі айып?

     Баршамыздың ұстазымыз Әбекең кесек турайтын тұлға. Ірілігін сөзі де ісі де айтып тұрады. Ол – Қ.Н. Бекхожиннің, Т.С. Амандосовтың, Т.Қ. Қожакеевтің, З.Т. Тұрарбековтің, Ш.Р. Елеукеновтің тікелей ізбасары, бүгінгі күннің беделді теоретигі әрі практигі.  Тынымсыз ізденетін ғалымның қазақ фантастикасының эволюцисына арналған қос томдық «Фантастика негіздері», «Қазақ фантастикалық әдебиеті», «Қиялгер қисындары» атты сараптамалық еңбектері – гуманитарлық салаға да, техникалық салаға да қажет аса құнды зерттеулер. Өзіміздің студент кезімізде қазіргі Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы орын тепкен акт залында оның тақырыбы соны кандидаттық диссертацияның табысты қорғалуына куә болғаным бар. Ұстаз  көкжиегінің кең екендігіне сол заманда-ақ көзім жеткендей еді. Бертінгі жылдары докторлық диссертациясының қорғалуына да тілектестік білдіргенбіз.

    Карл Маркс өз қызы Эленораның анкеталық сұрағына: «Адамаға тән нәрсе маған да жат емес», - деп жауап беріп, өз басын жаратқан иемізге тете қояды. Журналистиканың, көркем әдебиеттің жанры – фантастика да болашақты жобалауды, ғалам мен адам перспективасын бағдарлауды пір тұтады. Футурологияны, тірішілік инновациясын, сана өркендеуін тақырыбына талшық етеді. Яғни келешекті жобалауға белсене ат салысады.

     Сондай татымды болашақты, қазақ әлеуметі Батыстан келген кірме концепция –  мультимәдениетпен бе, әлде өзімізе аса жақын түркі әлемімен жарастыру керек пе – осы күрделі сауал Әбекеңнің құрдасы, пікірлесі, өмір бойы орыс тілінде ой өрбіткен Марат Кәрібайұлы Барманқұловты да қатты  толғандырған. Сондықтан болар, ол өзінің «Хан Иван», «Золотая баба», «Тюркская вселенная», «Хрустальные мечты тюрков о квадронации», «Наследники белого лебедя» зерттеу еңбектерінде Шығыс менталитетін, түркі ғылыми-шығармашылық еңсесін көтеріңкі көрсетеді. Айтқандайын, филология ғылымдарының докторы, профессор Марат  Кәрібайұлы ағамызға Әбекең «Завгар» деп ат қойғаны әлі есімізде. Кезінде журналистика факультетінде  өнімді жұмыс істеген 6 кафедраның бірі – доктор М.К. Барманқұлов басқаратын тележурналистика кафедрасының дені әйел заты екен. Сол себептен Мәкеңді «Заведущий гаремом» деп мысқылдай  атауы заңды сияқты.

     Еліне-жұртына, ғылымға, жас ұрпақтың есеюіне шынайы жаны ашыған таза адамдардың ойы мен пікірі осылайша бір жерден шығып жатады. Мейлі, ұлттық деңгейде, мейлі, әлемдік айналымда болсын. Осы санатта әлемдік фантастика шеберлері бірсыпырасының айтқандарын мысалға келтіре кетейін:

     Жюль Верн: «Придет время, когда наука опередит фантазию». «Миру нужны новые люди, а не новые континенты».  «Лучше тигр на равнине, чем змея в высокой траве» (Абай мен М. Горький пікірлерімен сабақтас).        

     Герберт Уэллс: «История человечества в основном  – история идей».

     Карел Чапек: «В редакции: «Тут вот сообщение, что найдено средство против бубонной чумы. Вы не знаете – наша партия за чуму или против?» «За всю неделю ни одной мировой катастрофы! Для чего же я покупаю газеты?»

«Журналисты несколько схожи с Данаевыми дочерьми, которых боги приговорили наполнять водой бездонную бочку». «Законное правительство – то, у которого превосходство в артиллерии».  « воле народа обычно говорят те, кто ему приказывает». 

     Айзек Азимов: «Пытаюсь ли я найти Бога? Бог умнее меня. Пусть попробует найти меня сам». «Бюрократия разрастается, чтобы поспеть за потребностями разрастающейся бюрократии». «Если врач скажет, что мне осталось жить пять минут, я не буду рвать на себе волосы. Просто я стану печатать на машинке немного быстрее». «Замечательное чувство –  знать, что ты сам строишь мир». «Каждый волен верить, во что он хочет. Я только против того, чтобы заставлять всех верить во что-то одно».

     Қарап отырсаңыз, бұл арада фантастика мен әлеуметтік реализм бітеқайнасып жатыр. Әбекеңнің  де «Арал әуендері». «Қолыңды әкел, келешек», «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді», «Шортан планетасы, сен кінәлісің», «Ғарыштағы қымыз», «Тосын ғарышхат»  сияқты қиялгерлік шығармаларында Ғарыш, Жер мен Көк проблемалары бір-бірімен материалдық жағынан да, рухани жағынан да қабаттаса қаланады.

     Баршаңызға белгілі, біздің мемлекетте  мәртебелі, бесаспап, креативті жобалар толып жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бері оның қаншамасы дүниеге келіп-кетті. Соның ресми біреуісі туралы Әбекең: «Мынаның авторы менен де өткен фантаст екен». – деп елді ду күлдіргені бар. Ұлы Абай да: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлайды арман, // Қорқамын кейінгі өскен жас баладан», - деп, келер ұрпаққа дүдамалдана қараған. Данышпан Абай бұл арада, жас ұрпақтың жетіскендігіне емес, надандығынан секем алған, сескенген. Орыстың керемет ақыны, дипломаты Федор Иванович Тютчев «Когда дряхлеющие силы...» деген өлеңінде бұл мәселеге басқаша рең береді:

Когда дряхлеющие силы

                                                         Нам начинают изменять

          И мы должны, как старожилы,

             Пришельцам новым место дать, -

 

           Спаси тогда нас, добрый гений,

                                                        От малодушных укоризн,

  От клеветы, от озлоблений

                                                        На изменяющую жизнь;

 

     От чувства затаенной злости

                                                        На обновляющийся мир,

                                                        Где новые садятся гости

                                                        За уготованный им пир;

 

      От желчи горького сознанья,

Что нас поток уж не несет

     И что другие есть призванья,

                                                        Другие вызваны вперед;

 

    Ото всего, что тем задорней,

                Чем глубже крылось с давних пор, -

       И старческой любви позорней

      Сварливый старческий задор.

     Бұл жалғанда мұнтаз да мінсіз бұйым жоқ. Бәріміз де – пендеміз. Жетілеміз, жетілдіреміз. Әлеумет ілгерілеуі, қоғамдық сана дамуы үшін келер ұрпақтың тоқмейілсіген, қошаметшіл, мадақшыл журналистикадан арылғаны абзал. Біздер, профессор А.Х. Мархабаевтың өнегелік мектебінен өткен шәкірттері, сана ұтқырлығы мен ұмтылысын формальды реформамен, мәзі кемшін методикалық экспериментпен емес, нақты, айқын, ұлтқа жағымды  кемел инновациямен, үміт үдерістерімен шендестіреміз.

     Мен өзімнің осы қысқаша лебізімде доктор  А. Ф. Мархабаевтың тек бірен-саран қырына ғана тоқталып кеттім. Асыра айтқан, көпіріп кеткен жерім болса, қалың оқырман кешірер, орта түскен,   құлақ күйін келтіре алмаған тұсым болса, үйдегі жеңгеміз Мағрифа апайымыз кешіре жатар. Бірақ осы пікірлерімнің барлығы риясыз шәкірттік, әріптестік көңілден шығып отыр. Соған сеніңіз, қадірлі Әбеке.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300