Өзбекстан Қазақстандағы отандастарына ескерту жасады
Өзбекстан сыртқы еңбек миграция агенттігі Қазақстанға келген және жұмыс істеп жүрген азаматтарына «Нелегал 2024» рейдтер туралы ескертті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
3 маусымнан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында мигранттық саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Өзбекстан азаматтарына «Нелегал 2024» рейдтері жүргізілуде. Оның барысында ел аумағында көші-қоны тәртібін бұзған және заңсыз еңбек жасаушы шетелдік азаматтарға шара қолданады.
Өзбекстан азаматтары елімізде жұмыс істеуге тыйым салынады. Яғни 30 күнге дейін бола алады. Ал Қазақстанға жұмыс істеуге баратын адам бірден жұмысқа рұқсат пен уақытша тұруға рұқсат алуы керек.
Құжаттарды тек Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады.
Abai.kz