Бейсенбі, 7 Мамыр 2026
1972 8 пікір 10 Маусым, 2024 сағат 15:53

Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым құрылады

Сурет: exclusive.kz

Ашық НҚА порталында "Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР заңының жобасын Мәжілістің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасы жарияланды. 

Ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей мүше болады.

Порталда қаулы жобасына қосымша ретінде Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру жөніндегі шарт берілген.  Шартқа сәйкес, ұйым оған мүше елдердің үлестік жарналары мен ерікті жарналары және ұйым қызметі аясында бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлетін қаражаты есебінен қаржыландырылады. Жарнаның мөлшері құжатта нақтыланбаған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 1830
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1508