Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2291 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:01

ҚР қорғаныс министрі және НАТО бас хатшысының арнайы өкілі Қазақстан мен Альянс ықпалдастығының келешегін талқылады

Астана. 16 қырқүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда басталған «Дала қыраны-2009» халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығулары шеңберінде ҚР қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков НАТО бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі арнайы өкілі Роберт Симмонспен кездесті, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Әңгіме барысында Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянспен ынтымақтастығының жағдайы мен келешегі талқыланды», - делінген хабарламада.

НАТО бас хатшысының арнайы өкілі биыл маусым айында Астанада НАТО/СЕАП қауіпсіздік форумының табысты өткізілгенін атап көрсетті. Оның бағалауынша, форум жоғары дәрежеде ұйымдастырылған және өте мазмұнды өткен, бұл аймақтық және халықаралық қауіпсіздік проблемаларын құрылымды түрде талқылауға мүмкіндік берді.

«Сонымен қатар, Р.Симмонс Қазақстан басшылығына НАТО саммитінде қабылданған Ауғанстанның ұзақ мерзімді қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге кешенді қарау туралы, экономикалық, гуманитарлық және техникалық көмекті күшейту туралы шешімді қолдағаны үшін алғыс білдірді», - деп атап көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның қорғаныс министрі және НАТО бас хатшысының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі арнайы өкілі Қазақстанның НАТО-мен әріптестігінің іс-әрекеттер жоспары шеңберіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. «Бұл жоспардың баптарын орындау Қазақстанға НАТО-ның жеке мемлекеттерінің және жалпы Альянстың қарулы күштерді қазіргі заманның талаптарына сәйкестендіру, әскери-техникалық ынтымақтастық және бітімгершілік бөлімшелерді дайындау саласындағы тәжірибесін терең зерттеуге мүмкіндік береді. «Жоспарлау және сараптау процесі» және «Оперативті әлеуеттің концепциясы» бағдарламалары бойынша ынтымақтастықты дамыту қажеттігі айтылды», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Ә. Жақсыбеков және Р.Симмонс Қазақстан мен Альянс әріптестігін дамытуда қол жеткізілген прогресті жоғары бағалайтындарын атап көрсетті. Барлық деңгейдегі байланыстардың жүйелі болуы жан-жақты диалогты жолға қоюға және көптеген маңызды мәселелерді шешуге ықпал ететіні айтылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407