Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4097 0 пікір 25 Желтоқсан, 2013 сағат 05:11

Шерхан Мұртаза. Қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуі тиіс!

Жақында «Дін мен дәстүр» атты бір кітап қолыма түсті. Атауы назарымды аудартты. Алғашқы бетіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен деп жазып қойыпты. Сүйсініп қалдым. Әдетте, қарттық меңдеткен, жасы 80-ге келіп, жанары суала бастаған адамның кітапқа көңілі ауа бермейді. Сонда да, қайратымды жинап қырықтың қырқасында Бас мүфти болған жігіттің бастамасына «біздер айтқан «бір кем дүниені» бүтіндеп алатындай ой мен таным бар ма?» деп толғандым.  

Жақында «Дін мен дәстүр» атты бір кітап қолыма түсті. Атауы назарымды аудартты. Алғашқы бетіне Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен деп жазып қойыпты. Сүйсініп қалдым. Әдетте, қарттық меңдеткен, жасы 80-ге келіп, жанары суала бастаған адамның кітапқа көңілі ауа бермейді. Сонда да, қайратымды жинап қырықтың қырқасында Бас мүфти болған жігіттің бастамасына «біздер айтқан «бір кем дүниені» бүтіндеп алатындай ой мен таным бар ма?» деп толғандым.  

         Бұл еңбек аты айтып тұрғандай, дәстүр мен діннің ара жігін ажырата алмай, ата-бабасының жолынан безген, жат ағамға санасы езілген жұрттың жол сілтеушісі екен. Әуелгі, «дәстүр туралы түсінік» деп басталған бөлімде дәстүрді дәріптеп, оның ұлттық болмыс пен құндылық екенін тәптіштеп жазады. Иә, біздің сал-дәстүріміз қаншама ғасырды артқа тастап, өз сүрлеуін қалыптастырды. Тіптен, жер басып жүрген жүздеген ұлт пен ұлыстан айырықша айырмамыз да осы – дәстүр. Егемендіктің 20 жылы экономикалық өрлеуге толы болды. Бірақ, діни-рухани тұсымыздың ақсап қалғаны шындық. Бұл өз кезегінде қазақтың адамгершілік құндылықтарын жоюға бет алды. Дін ұстаудың жөні осы дегендей, жөн-жосықсыз көзсіз намысқа шақырып, уағызына иланбаған бауырынан сырт айналған дүмшелер елді төбеден ұрғандай есінен тандырды. Дәстүрге суғарылмаған сананың ұшқарылығы сонша, қазақ баласы дөрекі іс-әрекеттерге де барды. Бұған кімді кінәлаймыз? Қағынан жеріген баланы ма, әлде, руханиятқа оқырына қараған өзгелерді ме? Екеуі де – өз презентіміз. Болған іске өкпе артып, даурыққаннан іс өнбейді. Ендігі қарекет, келесі қауіпті болдырмасқа бағытталуы қажет. 

         Міне, осы олқылықтың орнын толтыруға, дәстүр мен дін танымын қазақы түсінікпен жеткізуге әрекет еткен алғашқы қадамның бірі – Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының еңбегі деуге болады. Құр сөзден құлағы жауыр болған жұртқа да керегі осы еді.

         Кітаптың екінші бөлімінде «Дәстүрдің діндегі рөліне» айрықша тоқталып, Орыс хан (XII ғ.) заманында Исламды мемлекеттік дін етіп жариялаған Дешті-Қыпшақ көшпенділерінің Араб мәдениетімен бірге өркендеген Исламды өмір салтына лайықтап ұстана білген даналығын айырықша бағалайды. Расында да, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) негізін қалаған діннің сенімін, ұстанымын көшпенділер өзгеріссіз қабылдап, далалық мәдениеттің мәйегімен толықтыра түсті. Соның нәтижесінде, «қазақ халқының имани дәстүрлерінің» мектебі қалыптасты. Азия мұсылмандары арасында қазақтың дүние танымы мен Ислам құндылықтары бір-біріне кірігіп, ұлттық болмысты негіз еткен «имани қарым-қатынас» ғұрыптары пайда болды. Бұған қазақтың күнделікті өміріндегі «сәлемдесуден» бастап, «ата-ананы құрметтеу», «туыс-туғанды қадірлеу», «ынтымақ пен бірліктің» ұйтқысы болған асыл қасиеттерін атап айтсақ та жетіп жатыр. Ержан қажы қазақтың Исламды ұстануы мен ұлттық ерекшеліктерге сай бейімдеп, көшпенділер өркениетінен ажырамас асыл дінге айналғанын дінтанушы маман ретінде жан-жақты жазады.

         Бүгінгі қазақ қоғамында дін жайлы түсінік пен пікір екіге жарылды. Бірі – Ислам арабтанудың алғышарты, қазақты жою десе, екіншісі, діни сенімді көрсоқырлық деп бағалады. Осы екі тараптың ойындағы сауалға ортақ жауапты «Дін мен дәстүр» еңбегі дәл бере алады. Бас мүфтидің  күрмеуі күрделі мәселе мен таптаурын танымды ұлттық дәстүрмен жадағайлап, қазақ болмысына сай  лайықтап түсіндіруі – қазақ діндарлары ұлттық шеңберде қызмет етуге қадам басқандығын аңғартты. Кітапты оқып шыққаныма шын қуаныштымын! Қазақ халқы әлмисақтан мұсылман, бірақ, араб болуға міндетті емес. Өзінің дүние танымына,  тұрмыс салтына орайластырған құлшылық жолы, Хақты тану дағдысы бар. Оны осы қасиеттерден ажыратуға, басқа арнаға бұруға ешкімнің қақысы жоқ. Ал, біздер мұсылман жамағаты ауызбірлікті ту етіп, Діни басқарманың пәтуасы мен шариғат тәпсірлерін құлақ қоя тыңдап, құлшылығымызды жасайық.  

         «Дін мен дәстүр» бірі-біріне үйлесімділік тауып, қабыса кеткенде ғана ақиқат биігіне көтерліп, ұлтты тәрбиелеудің кілтіне айналады. Бас мүфтидің бастамасымен шыққан кітаптан айқын көрініс тапқан осы идеяға сенуге қақылымыз, ағайын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5298