Жұма, 20 Қыркүйек 2024
670 2 пікір 17 Маусым, 2024 сағат 13:04

Құрбан айттың алғашқы күнінде 20 мыңнан астам мал сойылған

Сурет: ernur.kz

Құрбан айттың алғашқы күні 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынды, деп хабарлайды Abai.kz.

ҚМДБ мәліметінше, Құрбан айттың алғашқы күні республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген.

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетейік, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру бүгін және ертеңге дейін жалғасады.

Abai.kz

2 пікір