Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2173 0 пікір 16 Қыркүйек, 2009 сағат 09:01

Атырауда көпірдің құлауы кезінде қаза болған тағы бір құрылысшының денесі табылды

Атырау. 16 қырқүйек. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Орал өзенінен көпірдің құлауы кезінде қаза болған алтыншы құрылысшының денесі табылды, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ аймақтың жедел қызметтерінен министрліктің республикалық дағдарыс орталығына түскен мәліметтерге сілтеме жасап.

«2009 жылдың 15 қырқүйегіндегі кешкі сағат бестегі жағдай бойынша, облыстық судан құтқару қызметі судан «Трансстроймост» АҚ  1975 жылы туған жұмыскері М.Мұқановтың денесін алып шықты», – делінген таратылған ақпаратта.

Жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару және су асты жұмыстарына ҚР ТЖМ-нің 32 қызметкері тартылып отыр, олар 5 техниканы, екі катерді пайдалануда. Сонымен қатар, жұмыстарға «Трансстроймост» АҚ 70 маманы қатысып, 10 техниканы пайдаланып отыр.

Бұрын хабарланғандай, 11 қырқүйек күні 19 сағат 46 минутта ұзындығы 106 метр, ені 18 метр болатын, Атыраудағы Орал өзенінің екі жағалауын қосатын құрылысы жүріп жатқан автокөлік көпірінің бір қанатының қирауға ұшырауы салдарынан  «Трансстроймост» АҚ-ның сегіз жұмыскері із-түссіз кеткен. Жексенбі күні таңертең облыстық судан құтқару қызметінің қызметкерлері бес адамның денесін тауып, судан шығарды.

Екі адам құтқарылды, олар – Н.Сағидуллин және В.Шишов, ал Е.Мүсірепов ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Баймұқанов және Мечников көшелерін қосатын құрылысы жүріп жатқан көпірдің қирауы нысан қанаттарының деңгейін келтіру кезінде жұмыс технологияларын бұзу салдарынан болған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407