Жұма, 20 Қыркүйек 2024
656 0 пікір 18 Маусым, 2024 сағат 11:30

Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер қатары толықтырылды

Сурет: strategy2050.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіби мерекелердің жаңа тізбесін бекітті. ЕндіКәсіби мерекелер тізіміне барлығы 63 мереке кіреді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні – 7 сәуір;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні – 16 сәуір;
  • Метрология қызметкерлерінің күні – 20 мамыр;
  • Ветеринариялық қызметкер күні – 10 шілде;
  • Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбі;
  • Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күн – 1 қазан;
  • Стандарттау қызметкерлерінің күні – 14 қазан;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.

Жаңа мерекелермен қоса, тізімде әртүрлі сала қызметкерлеріне арнағлан 55 мереке бар.

Abai.kz

0 пікір