Сенбі, 17 Қазан 2026
2176 0 пікір 18 Маусым, 2024 сағат 15:18

Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" басшысы қызметінен кетті

Сурет: facebook.com/skpharmacy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша"СК-Фармация" ЖШС басшысы Ерхат Есқалиев қызметінен кетті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, ол Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес 18 маусымда қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

2016 жылдан бері тәуелсіз директор ретінде компанияның бақылау кеңесі құрамында болған Ерхат Есқалиев "СК-Фармация" ЖШС басқарма басшысы қызметіне 2020 жылғы 12 шілдеде тағайындалған.

"СК-Фармация" - дәрі-дәрмекті сатып алып, медициналық заттармен қамтамасыз ететін Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1044
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1396