Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
1336 2 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 14:32

25 мыңнан астам адамға кене энцефалитіне қарсы вакцина салынды

Сурет: egemen.kz

Денсаулық сақтау министрлігі 25 598 адам немесе нысаналы топтың 100%-ы кене энцефалитіне қарсы вакцинациялаудан өткендігін хабарлады. Жыл басынын бері 7 547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді.

"Кене энцефалитінің профилактикасы мақсатында жәндіктер шағып алған жағдайда кене иммуноглобині қолданылады. Препаратты дәрігер медициналық ұйымға жүгінген кезде тексеруден кейін ғана тағайындайды. Биыл 7 547 адам кене шағып алғаннан кейін медициналық көмекке жүгінді. Профилактика мақсатында кене шаққан адамдардың 92%-ы кене иммуноглобулинін алды. Бүгінгі таңда вакцинациялауды жалғастыру және халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін вакцинаның 29 мыңға жуық дозасы және шамамен 44 литр иммуноглобулин бар", – делінген хабарламада.

Кене энцефалитін жұқтыру негізінен эндемиялық аумақтарда табиғи жағдайда орын алады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2754
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4493