Сейсенбі, 26 Қараша 2024
1143 2 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 15:15

Солтүстік Аралдың су көлемі 21,4 миллиард текше метрге ұлғайды

Сурет: seykhuninfo.kz

Су ресурстары және ирригация министрлігі солтүстік Аралдың суы тағы 1 миллиард текше метрге көбейгенін хабарлады. Бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 миллиард текше метрге жеткен.

"Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 миллион текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метр болған", – делінген хабарламада.

Солтүстік Аралды оңтүстіктен Көкарал бөгеті бөліп тұр. Осы құрылыс нысаны Солтүстік Аралда су деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.

"Бөгет пайдалануға берілгеннен кейін Сырдария өзенінен Солтүстік Арал теңізіне 46,6 миллиард текше метр су келді. Ал кейінгі жеті жылда теңізге 13,3 миллиард текше метр су құйылды. Кейінгі жылдары Солтүстік Аралдың су көлемі азайды. Алайда 2024 жылдың басынан бастап деңгейі қайта көтеріле бастады", – делінген хабарламада.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1530
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3311
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5966