Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
1537 3 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 16:34

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Сурет: akorda.kz

Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалынып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлері қаза болды. Аталмыш жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сондай-ақ президент құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

"Қазақстан президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді", – деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, 24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2754
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4493