Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
955 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 17:49

Аманкелді Сейітханды еске алу турнирі Алматыда өтті

Коллаж: Abai.kz

Журналистер күніне орай «Ақ жол» партиясы Алматыда белгілі спорт комментаторы Аманкелді Сейітханды еске түсіруге арналған дәстүрлі бильярд турнирін өткізді.

Шараға «Ақ жол» партиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы Арман Сқабылұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжа Нуралдинов пен Алматы облыстық филиалының төрағасы Мираш Шынасылова, жергілікті мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, белгілі журналистер Қайнар Олжай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашұлы пен Аманкелді Сейітханның жары Назгүл Үркімбаева қатысты.

Турнирде ақпарат, мәдениет, әдебиет саласының майталмандарынан құралған он үш команда бақ сынады. Жалпы саны 40 шақты ойыншы өте тартысты жарыс көрсетті.

Жарысқа Аманкелді Сейітханның ұстазы, Нұрбол Дәуітбаев төрелік етті. Ойын барысында марқұмның әріптестері Амагелді Сейтхан туралы естелік айтты. Ойын кезінде «Ақ жол» партиясы атынан Журналистер күніне орай қатысушыларға алғыс хат пен кәдесый беріліп, құрмет ретінде Амангелді Сейтқанның жұбайы Назгүл Үркімбаеваға да тарту жасалды.

Тартысты ойын нәтижесінде «Домбыра» мен «Ақындар» командасы жүлделі үшінші орынға ие болды. Екінші орын «Атамұра» командасына бұйырды. Ал, бас жүлдені «Наркескен» командасы қанжығасына байлап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Abai.kz

0 пікір