Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
2878 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 18:08

Каспий теңізінің деңгейі 119 см-ге көтерілді

Сурет: egemen.kz

Биыл Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің (Атырау облысы) деңгейі 119 см-ге көтерілді.

Сәуір-мамыр айларында Жайық өзені арқылы тасқын суының мол келуі, сондай-ақ Су ресурстары және ирригация министрлігі мен жергілікті әкімдік бірлесіп салған қосымша арналар тиімді әсер етті. Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шамамен 7,4 млрд текше метр су жіберілді. Тасқын суын теңізге өткізу үшін Атырау облысы бойынша «Қазсушар» филиалы қосымша каналдарды пайдаланды. Ол арналар арқылы Каспийге 350 млн текше метр су келді. «Қазсушар» мамандары арналардың барлығында тазарту, нығайту және басқа да жұмыстар жүргізді. Мысалы, «Соколок» каналының бойында ұзындығы 14,5 шақырым болсатын қосымша канал қазылды, ол арқылы тасқын суы Каспийге жіберілді.

«Тасқын суы тек су қоймаларына жиналып қана қоймай, 12,4 миллиард текше метр су тоғандарға, лимандар мен табиғи шабындықтарға жіберілді. Су тасқыны басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр су жіберілді. Сонымен қатар, Солтүстік Аралға су жіберу жұмысы жалғасып жатыр. Жыл басынан теңізге 1,1 млрд текше метрден астам су келді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101