Жексенбі, 24 Қараша 2024
1229 0 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 18:23

ШЫҰ: Террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2-5 шілде аралығында Астанада өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне орай тұрғындарға үндеу жасады. Бұл туралы Қазақпарат жазды. 

«Құрметті астананың, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді. Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдайды. Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңның 12, 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде Терроризмге қарсы күрес республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімімен Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының жекелеген учаскелерінде терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қолдау іс-шаралары өтеді» деп ескертеді комитеттен.

Құқықтық режим 2 шілде 00:01–ден бастап 4 шілде 23:59–ға дейін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өткізілетін объектілер аумағына және күзетілетін тұлғалардың жүру бағыттарында енгізіледі.

Күзетілетін тұлғалардың Ақмола, Қарағанды облысы мен Алматы қаласы аумағына келген жағдайда олар келген кезеңге және аталған өңірлерге болатын орындарына терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі жарияланады.

Терроризмге қарсы операция өткізу аймақтарында күзетілетін тұлғалар болған кезеңдерінде ол аймақтарда адамдардың және автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Күзетілетін тұлғалар жүретін арнайы трасса учаскелерінде қалалық жолаушылар көлігінің қозғалысы тоқтатылады.

Тиісті бағдарлардағы өзгерістер жайында Астана қаласының әкімдігі хабарлайды.

«Бұдан басқа, Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 Жарлығымен бекітілген „Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына“ сәйкес терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілуін ескере отырып, Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу объектілерінде 2 шілде 00:01–ден бастап 4 шілде 23:59–ға дейін террористік қауіптің бірқалыпты („сары“) деңгейі белгіленеді. Бірқалыпты деңгей уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, әкімшілік және жедел іс-шаралар кешенін өткізуді көздейді» деп ескертеді ҰҚК.

Атап айтқанда:

— жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына шектеу енгізеді;
— кинология қызметінің мамандарын тарта отырып, көшелерде, алаңдарда, стадиондарда, скверлерде, саябақтарда, магистральді теміржол желілерінде, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, әуежайларда, метрополитен объектілерінде, бұқаралық және жаппай іс-шаралар өтетін орындарда патрульді күшейтеді;
— жарылғыш құрылғыларды анықтау және жою бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерге және адамдар көп жиналатын орындарға, бұқаралық және жаппай іс-шараларға қатысушылардың қозғалуларының негізгі бағдарларына тексеру жүргізеді;
— әуежайларда, метрополитен объектілерінде, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда жете тексеру іс-шараларын өткізу барысында арнайы техника құралдарын пайдалану арқылы режимдік шараларды күшейтеді.

«Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысына түсінікпен қаралауларыңызды және олардың қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз» дейді ведомстводан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572