Жексенбі, 24 Қараша 2024
1180 0 пікір 2 Шілде, 2024 сағат 15:13

Енді әскерде қызмет етуге онлайн өтініш беруге болады

Сурет: ken-zhyloi.kz

Қорғаныс министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бірлесіп, "Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау сервисін" әзірледі. Бұл жоба жүзеге асқан жағдайда, әскерде келісімшартпен қызмет етуге ниет білдіргендер онлайн өтініш беріп, оны өзінің "жеке кабинетінде" бақылай алады. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланған.

Бұл үшін jauynger.gov.kz сервисі іске қосылады.

Жоба авторларының түсіндіруінше, қазір сервисті мемлекеттік дерекқормен біріктіру жұмыстары жүріп жатыр. Сәйкесінше, әскерге бару үшін жинау қажет құжаттар саны қысқарады. Қажетті мәліметтер мемлекеттік дерекқордан тікелей алынады. Дегенмен, жоба авторлары бұл процесс аяқталғанша дейін кей құжат түрлерін PDF форматта тапсыру қажеттілігін де жоққа шығармайды.

Үміткер өз өтініші бойынша қандай шешім қабылданғанын ұялы телефонына келетін sms жауап арқылы біле алады. Сондай-ақ, хаттар мен хабарламалар оның сервистегі "жеке кабинетінде" сақталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570