Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу мақсатында Астанаға келді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Ресей Федерациясының президентін әуежайда Қазақстан Республикасының премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 миллиард құрады. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 миллиард құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 миллиард құрады.
Abai.kz