Жұма, 23 Мамыр 2025
1525 2 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 15:06

Көлік министрі: 108 дәретхана орнатылды

Республика бойынша ескі дәрeтханалардың саны 700-ден асады. Осыған дейін 108 жаңа дәретхана орнатылған. Биылдыққа тағы 48 дәретхана қою жоспарлануда.

Көлік министрі Марат Қарабаев жол бойындағы бір дәретхананы салуға және күтіп ұстауға кететін қаржының көлемін жариялады.

"Ондай дәретхананың бағасы аумағына және орналасқан жеріне байланысты. Басында 8 милллионнан болды, қазіргі бағасы 8-18 миллион теңге болып тұр", – деді Марат Қарабаев үкіметте өткен брифингте.

Ал бір дәретхананы күтіп ұстауға 300 мың теңге кетеді. Екі адам кезек-кезек жинайды, немесе бір адам қарауы мүмкін.

"Ондай жүйе тиімсіз, сол себепті дәретханаларды жанар-жағармай құю станцияларында, немесе дәмханаларда көптеп ашуға басымдық беріледі. Ал дәретханалар сервистік және туристік нысандарда ашылса, олар өздері күтіп ұстайды", – деді министр.

Сурет: stroi-news.ru

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2837
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4571