Жексенбі, 24 Қараша 2024
1095 1 пікір 10 Шілде, 2024 сағат 10:34

Енді әйелін ұрған ер адамдарға психологиялық көмек көрсетіледі

Денсаулық сақтау министрі 2024 жылғы 29 маусымдағы бұйрықпен денсаулық сақтау ұйымдарында әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға психологиялық көмек көрсету қағидаларын бекітті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға емханаларда психологиялық қолдау көрсетіледі.

Аталмыш бұйрық мінез-құлықты өзгертіп, басқа да оңды өзгерістерді реттеуге бағытталған. Әйелін соққыға жығатын ерлермен жұмысты арнайы дайындалған психологтар жүргізеді, оның ішінде сенімді қарым-қатынас орнату, мінез-құлық аспектілерін түзету және араласу нәтижелерін бағалау кезеңдері қамтылған.

Бұйрық 2024 жылғы 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Сурет: pixabay.com

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592