Жексенбі, 24 Қараша 2024
727 0 пікір 17 Шілде, 2024 сағат 15:43

Биыл атаулы көмекке бюджеттен 60,5 миллиард теңге бөлінді

Сурет: egemen.kz

Биыл бюджеттен 60,5 миллиард теңге қарастырылып, 350 мыңнан астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілу жоспарланып отыр.

1 шілдеде 67,1 мың отбасындағы 355,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

Атаулы әлеуметтік көмек мыналарды көздейді:

  • табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. 2024 жылғы 1 маусымда АӘК алушылар қатарынан мектеп жасына дейінгі 108,2 мың балаға 2,5 миллиард теңге сомасына қосымша төлем тағайындалды;
  • жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және өзге де шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598