Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
2032 0 пікір 17 Шілде, 2024 сағат 15:47

Таиланд Қазақстандықтар үшін визасыз режимді екі айға ұзартты

Сурет: journal.tinkoff.ru

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді ұзартты. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

Енді Таиландқа арнайы демалуға барған азаматтарымыз бір ай емес, екі ай бойы тропикалық елде емін-еркін жүре алады.

Аталған мемлекеттің Ішкі істер министрлігі 93 елдің туристеріне визалық талаптарды жеңілдетті. Оның ішінде Қазақстан да бар. Сонымен қатар корольдік алдағы уақытта ұзақ мерзімді визалар үшін де жеңілдіктер қарастырылатынын мәлімдеді.

Статистика бойынша, жыл басынан бері Таиландқа 18 миллионнан астам шетелдік барған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35 пайызға артық.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан азаматтарына визасыз 40 -тан аса елге саяхаттауға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 863
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1163