Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
2059 0 пікір 17 Шілде, 2024 сағат 17:12

Шығармашылық салада мамандар даярлауға 1600 грант бөлінді

Сурет: kaznai.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде шығармашылық мамандыққа мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу бойынша отырыс өтті. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ЖОО басшылары және т. б. Қатысқан.

Қазіргі таңда еліміздің 10 оқу орнында шығармашылық мамандарды даярлайды. Олар 4 жоғары оқу орны, 4 колледж және 2 арнайы мектеп.

Кездесу қорытындысы бойынша, 2024-2025 оқу жылына 895 – бакалавриат, 166 – магистратура және 26 – докторантураға білім грантын бөлу туралы шешім қабылданды.

Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері арасында 550 бюджеттік орын бөлінді. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 50 грантқа артық.

Сарапшылар шешім қабылдау барысында ең алдымен еңбек нарығының қажеттіліктерін ескерді. Нәтижесінде музыкалық театр режиссерлеріне, музыкатанушыларға, реставратор-суретшілерге және сценаристерге деген жоғары сұранысты анықтады. Осыған байланысты жаңа білім беру бағдарламаларын ашып, гранттар санын көбейту арқылы осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға назар аудару ұсынылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1506
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3124
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1116
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1042